2021 жылдың 9 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында колледж студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қалыптасқан мемлекеттің шамшырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, оның дүние жүзіндегі орны туралы студенттердің білімдерін тереңдету және жүйелеу, қазіргі кезеңдегі еліміздің сыртқы саясатын ашып көрсету, жеке тұлғаны қалыптастыру, тарихи құбылысқа көзқарасын, отансүйгіштікке, өз елінің болашағына жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы, жеткен жетістіктері мен жеңістері туралы айтылды.